Best in Aqtobe: Мәдениет пен дәстүр айы
Ақтөбе қаласының Жастар ресурстық орталығы жүзеге асырып жатқан «Best in Aqtobe» жобасы аясында наурыз айы — Мәдениет пен дәстүр айы болып белгіленді. Осыған орай Ақтөбе сервис колледжі базасында әскери-патриоттық бағыттағы ату дайындық жарыстары ұйымдастырылды. Шараның мақсаты студенттерді Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, әскери іс негіздерін меңгерту және Қарулы Күштердегі қызметке даярлау. Іс-шара барысында қатысушылар мергендік дағдыларын жетілдіріп, ату жаттығуларын орындады. Сонымен қатар барлық кезеңде қауіпсіздік талаптары қатаң сақталды. Мұндай шаралар жастардың жауапкершілігін арттырып, әскери дайындыққа деген қызығушылығын арттырады.