Жасанды интеллект: теориядан практикаға
Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында колледжішілік «Жасанды интеллект: теориядан практикаға» атты семинар өткізілді. Бұл кездесуде біз жасанды интеллект жайлы тек теориямен шектелмей, оны сабақ барысында тиімді қолданудың нақты жолдарын көрсеттік. Пән оқытушыларына арналған практикалық тапсырмалар, тікелей демонстрациялар мен пайдалы цифрлық құралдар ұсынылды. Жасанды интеллект — ұстазды алмастыру үшін емес, оның жұмысын жеңілдетіп, уақытын үнемдеп, сапаны арттыру үшін қажет құрал екеніне көз жеткіздік. Бүгінгі білім беру кеңістігінде заманауи мұғалім үнемі ізденісте болуы керек, ал цифрлық трансформация жаңа мүмкіндіктерге бастайтын жол. Семинарға белсенді қатысқан әріптестерге алғыс білдіріп, сертификаттар табысталды.