Ақтөбе сервис колледжінің әлеуметтік серіктестері

2025 – Жұмысшы мамандықтары жылы. Президент К.Ж. Тоқаев: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал еңбек – абырой! Кез келген кәсіп – қадірлі». 2025 жылдың 10 желтоқсанында кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша «Бейіндік мектеп» жұмыс жоспары аясында №29 мектептің 9-сынып оқушылары Ақтөбе сервис колледжі базасында өткен танымдық іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында колледж оқытушысы Күмісбаева Гүлнұр Серікқызы оқушыларға тігін ісі бойынша шеберлік сабағын өткізіп, мамандық ерекшеліктерімен таныстырды. Оқушылар тәжірибе жасап, алғашқы бұйымдарын орындап көрді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, саналы таңдау жасауға бағыт береді. Еңбекке құрмет – кәсібиліктің бастауы.

2026 жылдың қаңтар айында «№31 қазақ орта мектебі» КММ-сі мен МКҚК «Ақтөбе сервис колледжі» арасындағы ынтымақтастық жоспарына сәйкес, 9-сыныптың қыз балаларына арналған бейіндік пәні аясында шебер класс сабағы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды тігін және сән саласындағы бастапқы кәсіби дағдылармен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру болды.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *