2026 жылғы 26 ақпан күні жалпы білім беретін пәндер бірлестігінің апталығы аясында колледжімізде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, лирик ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мұқағали Мақатаев — мәңгілік поэзия» атты әдеби-саз кеші жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараның мақсаты
ақынның өмірі мен шығармашылығын
насихаттау, колледж білім алушыларының поэзияға деген қызығушылығын арттыру, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеу және ұлттық рухани құндылықтарды кеңінен таныту болды. Іс-шара барысында жүргізушілер ақынның өмір жолына кеңінен тоқталып, оның балалық шағы, соғыс жылдарындағы тағдыры, еңбек жолы мен шығармашылық мұрасы жайында мазмұнды деректер ұсынды. Ақын өлеңдері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқылды.
Поэзия кеші білім алушылардың рухани дүниесін байытып, ақын мұрасына деген құрметін арттырды.
Жалпы білім беретін пәндер апталығы аясында колледжішілік «Жасанды интеллект: теориядан практикаға» атты семинар өткізілді. Бұл кездесуде біз жасанды интеллект жайлы тек теориямен шектелмей, оны сабақ барысында тиімді қолданудың нақты жолдарын көрсеттік. Пән оқытушыларына арналған практикалық тапсырмалар, тікелей демонстрациялар мен пайдалы цифрлық құралдар ұсынылды.